Бейсенбі, 17 Қазан 2019 21:38

Шымкент: «Күзгі әуендер» концертінде ретро әндер шырқалды

Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда «Күзгі әуендер» атты концерт өтті. Онда 30-ға жуық қайта өңделген ретро әндер шырқалды. Жас ұжым осылайша өнер сүйер қауымға тамаша тарту жасады.

Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан кештің бұл жолғы сценариі өзгеше. Филармония ұжымы ән сүйер қауымға жаңа өңделген ретро әндер жинағын тарту етті. Сөйтіп көпшілік бір сәт жастық шақтарын еске алды.

«Бүгінде облыстық филармонияда 250-ге жуық өнерпаз қызмет етеді. Мәдениет ошағында жас әншілердің қатары артқан. Ұжымға Республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен  жоғарғы оқу орнын бітірген жас өнерпаздар да қосылған. Бүгінгі кештің басты кейіпкерлері де солар» - дейді Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Гүлбала Әбуова. Әсем ән тыңдап, рухани азық алған ағайын концертке оң бағасын берді. Сахна көркін қыздырған жас өнер ұжымы алдағы уақытта да өз көрермендерін сазды кештермен қуантпақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 699 рет