Сәрсенбі, 23 Қазан 2019 19:48

Шымкентте «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық» атты жәрмеңке ұйымдастырылды

Шымкент қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында "Дәстүрлі қолөнерді қолдайық" тақырыбымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Көрме-жәрмеңкеде Түркістан облысы мен Шымкент шаһарынан 40-тан астам қолөнер шебері жүннен, қыштан, ағаштан, темірден жасалған қолөнер бұйымдары мен әртүрлі металлдан жасалған зергерлік бұйымдарын көптің назарына ұсынды. 

Сонымен қатар мектеп оқушыларының қолынан шыққан туындылар да келушілердің қызығушылығын арттырды. Көрменің ерекшелігі – тамашалауға келген қонақтар мұндағы бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып алу мүмкіндігін де иеленді. Төмен бағадағы қазақы бұйымдар көптің көңілінен шыққаны анық. Әсіресе, Бәйдібек ауданынан келген «Шеберлер» отбасысының бұйымдары сұранысқа ие болып жатты.

«Бұл көрме жыл сайын өткізіледі. Биыл бірнеше жас таланттарды тартуға тырыстық. Олардың шығармашылығын насихаттауды көздеп отырмыз» - дейді «Көрме орталығы» МКҚК директорының орынбасары Ғибадат Нажмеденов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 784 рет