Сенбі, 09 Қараша 2019 19:29

Түркістан облысы: «Ақбота - 2019» балалар арасындағы ән-би байқауы мәресіне жетті

Төлеби аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстаған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ақбота - 2019» атты аудандық балалар арасындағы ән – би байқауы өткізілді.

Шараға Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы арнайы қатысып, 25 жылдың ішінде байқаудың қандай дәрежеде өткізіліп жатқаны және оған қатысқан үміткерлердің қазіргі таңда қазақ эстрадасында елдің ыстық ықыласына бөленіп жүргендігі жайында тілге тиек етсе, күні кеше өткен Республикалық «Бала дауысы» ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округі, Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Шалқарбай Мейрамбек бас жүлдені қанжығасына байлаған сәтін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, биылғы жылғы қатысып жатқан өнерпаздарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өнердің биік шыңдарынан көріне беруіне тілек білдірді. «Ақбота - 2019» байқауына алдын-ала іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 эстрада әншісі мен 6 би ұжымы ақтық сынға жолдама алып, қазылар алқасының ұйғарымымен ән жанры бойынша бас жүлде Ғаламат Халыққа (№1 мектеп - гимназиясы), би жанры бойынша бас жүлде «Айлин» би тобына (Ұйымшыл жалпы орта мектебі) бұйырды.  

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 668 рет