Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 16:14

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында рухы сынбаған жандарға құрмет көрсетілді

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сай, Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №11 МКХҚ колледж студенттерінің қатысуымен «Туған жер – туған ел» базалық бағдарламасы бойынша «Қамқорлық» жобасы аясында «Рухпен күштілер» атты тақырыпта кітапхананың тұрақты оқырманы, қолөнер тоқымасының шебері, 1-топ мүгедегі Ануарбек Мұсабаевпен кездесу өтті. 

Мақсат – ауылдағы қарт және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек колын созу, қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру, қызмет көрсетудің станционарлы және станционардан тыс түрлерін байланыстырып, қызметтерін пайдалану, сұраныстарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, жас буынға адамгершілік, ізгілік, қамқорлық сияқты сүйіспеншілік құндылығын бойына дарыту, жастарға үлкендердің еңбектері туралы, жеңістің, жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру, ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту, еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, белгілі бір мамандыққа баулу. Жүздесу барысында жиналған жастар рухы мықты азаматтың тыныс-тіршілігімен терең танысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп, қол ұшын созуға әрдайым әзір болу керектігін ұғынды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 810 рет