Өңір басшысы саладағы кез келген өнім түрінен өсім байқалғанын тілге тиек етіп, ол үшін жаздың аптап ыстығына, қыстың ызғарлы суығына қарамай еңбек еткен шаруалар мен диқандар қауымына үлкен алғысын айтты. Сонымен қатар әр өнім бойынша үздік нәтиже көрсеткен озаттарды арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
"Сіздермен алтын күз мерекесі аясында кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Әсіресе, бұл мереке ала жаздай еккен егінін жинап алған диқандарымыз бен шаруаларымыз үшін айрықша деп ойлаймын. Осынау қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Алтын күз мерекесі құтты болсын!" - деді Бақыт Насырханұлы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.