Сейсенбі, 12 Қараша 2019 14:55

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында Майтөбе ауылы ажарланып келеді

Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылының кіреберісінде елді мекен атауы жазылған жаңа стелла бой көтеріп жатыр. Ағымдағы жылдың тамыз айында бастау алған нысанның құрылысы бүгінгі таңда 80 пайызға жетіп қалды. 

Бұл нысанда ауыл аты бейнеленген 4 метрге жуық сттелла бой көтеріп, аумағы толығымен абаттандырылмақ. Стелланың бір шетінде осы ауылдың және ауданның брендтері саналатын алма мен жүзім жемістерінің мүсіні орнатылмақ. Сонымен бірге ауыл орталығы бағытындағы 170 метр жерге үгіт-насихат баннерлері ілінетін тақталар қойылып, жаяу серуен құратын ауыл тұрғындарына демалу үшін орындықтар және аяқжолдар түспек. Әрине, мұның барлығы Майтөбе ауылының шырайын кіргізіп, ажарын ашатыны айдан анық. Әрі сырттан келген қонақтар үшін де ауылдың келбетіне сүйсініп, жергілікті халықтың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, мақтаныш сезімін оятуға септігін тигізері сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1097 рет