Бейсенбі, 14 Қараша 2019 22:39

Түркістан облысы: Жетісай ауданында қариялардың ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті

Бүгін Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Ұрпақ тәрбиесі –  ұлағатты іс” тақырыбында аудан ардагерлерінің семинар-кеңесі болды. Жылысу ауылдық округінде орналасқан І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, аудан ардагерлері қатысты. 

Басқосуда ардагерлер отбасы құндылықтары мен қадір-қасиетін әрбір тұлғаға жастайынан ұғындырып, санасына сіңіру үшін ұлдың да, қыздың да жауапкершілігін айтып отыру керектігін айтады. «Күн санап көз ілеспес жылдамдықпен дамып, қоғамның бір бөлшегіне айналған әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын айтқан аудан жастары ата-ана жауапкершілігін арттыру керек» - деген пікір айтады. - Өйткені, Батыстың былықтарын әлеуметтік желіде көріп өскен ұл да, қыз да қазақы қасиеттерден, ата-бабадан бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерден алшақ өседі.

Жиын барысында қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, қазақы қасиеттерге қаныққан толыққанды отбасылардың қатарын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырудың басты қағидалары айтылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 914 рет