Байқаудың іріктеу кезеңіне жалпы 12 үміткер қатысты. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында балалар мен жасөспірімдер арасында классикалық ән орындаушылар байқауына облыстық опера және балет театрының солисі, ҚР мәдениет қайраткері Урайхан Сейілбекова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Бекжан Сапаров, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының халық шығармашылығы әдіскері Раушан Ешмухамбетова төрелік етті. Байқау 2 кезеңнен тұрды. І кезеңде Абай Құнанбаевтың немесе қазақ классиктерінен бір шығарма, ІІ кезеңде өз қалауы бойынша әлем классиктерінен бір шығарма орындады.Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқауға 7-12 жас аралығындағы орындаушылар арасынан Дарын Бөрі, ал 13-17 жас аралығындағы орындаушылар арасынан Сағындық Қалтай облыстық байқауға жолдама алды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.