Сейсенбі, 19 Қараша 2019 21:02

Түркістан облысы: Сайрам ауданы әкімі Атабектің ән кешіне қолдау білдірді

Өзінің керемет ән айтуымен, бойындағы өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, ауданның мақтанышы, бірнеше байқаудың жеңімпазы, лауреаты, тамаша өнер иесі, студент Атабек Рүстемовтің «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» атты ән кеші өтті. Жыл басындағы Жастар форумында Атабек Айбекұлы аудан әкімінен жеке концерт өткізуге қолдау көрсетуді сұранған болатын. Ұсыныс аудан әкімі тарапынан қолдау тапты. 

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған концерт халықаралық студенттер күнімен де тұспа-тұс келді. Аталған концертке аудан әкімі Бақтияр Мамаев арнайы қатысып, концерттің құрметті қонағы болды. Атабекке деген ыстық ықыласын білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Ақ тілегін айтып, алдағы істеріне сәттілік серік болуын тіледі. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің директоры Н.Нұрекенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар, әжелер алқасының төрайымы Ү.Мұратбекова, зиялы қауым өкілдері де Атабектің әні мен өнеріне тәнті болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концертке 500-ден аса көрермен келіп, А.Рүстемовке қолдау білдірді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, шексіз мүмкіндігі бар екенін дәлелдеген қайсар жігітке жиналғандар сүйсінді. Ерік-жігеріне қошемет көрсетті

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 755 рет