Бейсенбі, 14 Қараша 2019 05:16

Түркістан облысы: Созақтық зағип өнерпаздар жүлдемен оралды

Әрбір азаматтың қоғамда қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, интелектуалдық, шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, өнерлерін насихаттап, танытып, өмірге құлшынысын арттыру мақсатында Түркістан облысы және Шымкент қаласының зағип оқырмандары арасында "Шарықта, шалқар шабытым!" атты өңірлік фестиваль өтті. Фестивальге Созақ ауданына аттанған өнерлі топ мүшелері жақсы дайындықпен барғандарын паш етіп, жүлделі орындардан көрінді. 

"Шалқар шабытпен толғаған жырлар" номинациясы бойынша Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқудан Дәулет Дәмен І орынға, "Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны" шарты бойынша Әдемі Отарова ІІ орынға, Тәжікүл Мырзабекова ІІІ орынға ие болса, "Өшпейтұғын, өлмейтұғын әндер-ай" шарты бойынша Айдана Белхожаева ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Мұндай мәдени шаралар өз кезегінде көңілі жарым, мүгедек жандарға ерекше рухани шабыт, өмір сүруге мол күш-жігер сыйлайтыны айтпаса да түсінікті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 573 рет