Сейсенбі, 19 Қараша 2019 23:01

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өтті

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 

Байқауға барлығы 40 негізгі және жалпы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Сайысқа белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушыларға Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрине, мемлекетіміздің тәуелсіздігін арқау еткен мұндай патриоттық байқаулар кім-кімнің де бойына отансүйгіштік рух сыйлап, егемен елдің болашағына ешқашан бейжай қарамауға үндейді. Сол себепті патриоттық сайыстар жалғасын таба бермек.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 739 рет