Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 15:48

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Жайдарман» ойындары өтті

Бүгінде билеуші партия дәрежесіне көтеріліп, президенттікке кандидат ұсынып, Парламент Мәжілісі мен Үкіметті жасақтап отырған «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай Бәйдібек ауданында жайдарман ойындары өтті. Онда жартылай финалдан жеңіп шыққан командалар ақтық сында өнер көрсетті. Аудан жастары аймақтағы түйіткілді мәселелерді астарлы әзілмен жеткізе білді. 

Жайдарман ойындары жастардың сахнада шыңдалуына сеп. Бәйдібек жұртын күлкіге бөлеген командалық жарыста жастар саяси, әлеуметтік әзілмен көрерменді баурап алды.

Қағытпа әзіл, сықақ ән айтылған сайыста ауыл жастарынан іріктелген құрама бақ сынады. Қатысушылар «Nur Otan» партиясының 20 жылда атқарған еңбегін дәріптеп, ұтымды әзілмен салмақты ой айта білді. 

Сайыс тартысты өрбіді. Бас жүлде - «Жастар» командасында. Құрмет тұғырынан «Стар», «ҚМЖ», «Нұр витамин» топтары көрінді. Сондай-ақ үздік ойыншылар да марапатқа ие болды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 542 рет