Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 18:20

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Жігіт сұлтаны-2019" байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Жастар жылына орай және Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округі әкімдігі және Созақ ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "ЖІГІТТЕР, СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ БОЛ" атты "Жігіт сұлтаны-2019" байқауы өткізілді. 

Байқауда ауданның Шолаққорған, Таукент, Сызған, Құмкент, Бабата, Аққолтық, Жартытөбе ауылынан келген үміткерлер өз бағын сынады.

Жарыс барысында үміткерлер сәлемдесу, өз өнері және сұрақ-жауап сайыстарынан өнерлерін көрсетті. Аталған сайыстардан оқтай озып шыққан жеңімпаздар аудандық байқауға жолдама алып, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Олар Дархан Абдрахманов, Айдос Сарманұлы, Бауыржан Аманов болды. Әрине, өз кезегінде қалған қатысушылар да құралақан қалған жоқ. Олар да арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауыл округінің әкімі Болат Есенқабыл арнайы сыйлықтар табыстады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 611 рет