Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 18:52

Түркістан облысы: Кентау шаһарындағы ардагерлер хорына 35 жыл толды

Кентау қаласы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында "Ардагерлер хорының 35 жылдық мерейтойы" аталып өтті. 

Хордың құрылуына өте көп көмегі тиген, хордың ұйымдастырушысы, негізін қалаушы Зоя Сергеевна Хитриктің бастауымен құрылған еңбек ардагерлер хоры өз көрермендерінің жүректеріне әсем ән арқылы жол таба білді. Іс-шара хордың әсем әндерімен ашылып, әрі қарай Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расул, "Nur Otan" партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков сөз сөйлеп, ардагерлерді алғыс хатпен марапаттады. Қазіргі таңда хор жетекшісі тәжірибелі, шығармашылық идеялары мол, Сейдолла Бәйтереков атындағы саз мектебінің ұстазы Гүлнара Мәслихатқызы Аяшова қызмет етіп жатыр. Хордың қалалық, облыстық, республикалық байқауларда көптеген жетістіктерге жетіп келе жатқаны қуантады. Атап айтар болсақ, бір замандарда бүкілодақтық халықтар достығы фестивалінде өздерінің өнерлерін көрсетіп, «Халықтық» деген атаққа ие болған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 611 рет