Бейсенбі, 21 Қараша 2019 19:22

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Абай туғанына 175 жылдығына орай поэзия сағаты өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастамасымен Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Шарбұлақ ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы қарсаңында «Абайды бірге оқимыз» акциясы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты тақырыпта поэзия сағаты өтті. 

Поэзия сағатының мақсаты: жас ұрпақты қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу, оқушыларды көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Кешке Шарбұлақ жалпы орта мектебінің 5-9-шы сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Поэзия сағатына кітапхананың белсенді оқырмандары Ш.Исламбек, Б.Мәлік «Өлең – сөздің патшасы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Нұрсұлу Әседулла, Ақниет Абдулла, Асылжан Тұрғынбек және Ерасыл Жақсылық ақынның шығармашылығын зерделей келе, қара сөздерін жатқа оқыды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 660 рет