Жұма, 06 Желтоқсан 2019 20:32

Түркістанда «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті

Жарыс додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам өнерпаз қатысып, бақ сынады. «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара ауыл таланттарының талабын ашуды көздейді.

Байқауға қатысушылар  12 аталым бойынша бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті. Оның ішінде ұлттық аспапта ойнау, көркемсөз оқу, ақындық, дәстүрлі ән, сахналық қойылым, ғылыми жоба, вокал,  қолөнер де бар.  Бір ғана бидің өзінен 30-ға тарта топ мың бұрала би-билеп, түрлі сынақтардан өтті.Өнер додасын ұйымдастырушы - «Атадан мұра» қоғамдық қоры. Елдегі көрінбей жүрген өнерлі өрендерге қолдау білдіріп, әлемге таныту байқаудың негізгі мақсаты,- дейді  ұйымдастырушылар. Себебі бұған дейін ұжым ең үздік деген 56 өнерпазды Франциядағы байқауға алып барған.

«Шалғай жерлерде, ауылдық жерлерден, қалалардан іріктеп, ең мықты дегендерін өнерге баулып, республикалық, халықаралық сахнаға шығару біздің мақсат» - дейді «Атадан мұра»қоғамдық қорының мүшесі Ғалымжан Бекболатов. Айта кетейік, аудандарда жылына 2 рет өтіп жатқан өнер додасының ақтық сыны тәуелсіздік мерекесінде қорытындыланатын болады. Ақтық сын  Алматы қаласында өтеді. Бас жүлде екі автокөлік. Бірі жеңімпаздың ата-анасына, екіншісі ұстазына беріледі. Бүгінгі байқауда жүзден жүйрік  шыққан 20 бала  финалға жолдама алды.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1071 рет