Бейсенбі, 21 Қараша 2019 14:41

Түркістан облысы: Кентау қаласында ерекше кітапхана бар

Кеншілер қаласы Кентау тек өндірісті аймақ қана емес, руханият мекені де. Қаратау тәжі атанған бұл қаладан қазақтың маңдайына біткен талай-талай танымал тұлғалар шыққаны белгілі. Ол үрдіс бүгінде сақталып келеді. Оған қаладағы рухани орталықтар мен кітапханалардың да әсер еткені анық. Өйткені, мұнда ғибарат алар мекендер жетерлік және ең ерекше кітапхана да осында орналасқан. 

Аймақтағы орталық кітапхана  қаламен бірге жасасып келеді. Мұнда тұрақты оқырмандар мен өзге де келушілерге рухани қызметтің сан алуан түрлері көрсетіледі. Мәселен, өткен ғасыр қойнауына кіріп, сағыныш әуендерін тыңдағыңыз келе ме, ерекше кітапханада оған да мүмкіндік қарастырылған. Дыбыстық кітапханада пластинкақойылып, қазақша ескі әуен ойналады. «Мұнда келгендер қандай әуен тыңдағысы келеді, біз соны қойып береміз. Ескі әуендермен  қатар бізде  қазақтың мың әні жинақталған» - дейді кітапханашы Мархаба Юлдашева.

Сонымен қатар бұл мекемеде  көп желерде кездесе бермейтін  ерекше орталық, яғни кімге де болсын есігі айқара ашық білім орталығы жұмыс істейді. Мұнда білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке ұмтылған кез келген жанның сұранысын қанағаттандыратындай жағдай жасалған.

Бұл кітапханада жастардың бос уақытан өткізуге де арналған бұрыш бар. Мұнда келгендер де интернетті тегін пайдаланып, шахмат пен дойбы ойнап, шығармашылық жұмыстармен айналыса алады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 855 рет