Жұма, 22 Қараша 2019 13:02

Түркістан облысы: Мақтаарал аруы анықталды

«Күз аруы-2019» байқауы аудан жастарының жігерін шыңдады. Шараның басты мақсаты – бұрымдылардың білім-білігін шыңдап, ұлттық салт-санаға баулу. 

Арулар байқауына бас-аяғы 11 үміткер қатысты. Олар бұған дейін сайдың тасындай іріктеуден өткен. Бәсі артық байқаудың 5 шарты бар. Өнер додасында бұрымдылар ән айтып, би биледі. Ұлттық салт-дәстүрден де хабардар екендіктерін дәлелдеді. Сондай-ақ арнайы қойылымдар көрсетіп, сахна сәнін келтірді. Шараның өтуіне аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жастар ресурстық орталығы, сонымен бірге білім бөлімі мұрындық болды.

«Негізгі мақсатымыз қыз балаларды сахна мәдениетіне үйрету болса, екіншіден, салт-дәстүрді бойына сіңіру. Біздің жастарымыздың 40-45пайызын оқушылар құрайды. Ал ол оқушылармен білім бөлімі арқылы тығыз байланыста жұмыс істейміз» - дейді ұйымдастырушылар.

Үкілі үміткерлердің білімі мен шеберлігі сыналған байқау жеңімпазын анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Қара үзіп, дара шыққандар түрлі номинациалармен марапатталды.  Барлығына арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 650 рет