Жұма, 22 Қараша 2019 21:06

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында «Алтын күз-2019» мерекесі аталап өтті

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аудан үшін маңызды. Сала мамандары биылғы мерекеге жоғары жетістіктермен жетіп отыр. Ауданда жалпы өнім көлемі 34,8 миллиард теңгені құрап, жоспар 106,3 пайыз орындалған, 2,6 миллиард теңге инвестиция тартылыпты. Тамақ өнеркәсібіне 630,0 миллион теңге тартылды. Астықтың да егіс көлемі 43,0 мың гектарды құрап, орташа түсімі 24,5 центнерден 105,0 мың тонна өнім алынып, облыс көлемінде бірінші орынды иеленді. 

«Алтын күз-2019» мерекесі қамба астыққа, ұра қыстық азыққа толатын берекелі күз айының ең қадірлі мерекесі аясында аудан орталығында өткен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан еңбеккерлерінің өнімдері арзан бағада сатылды. Базар бағасынан әлдеқайда төмен бағада сатылған өнімнен қысқы азықтарын сатып алған аудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов барша ауыл шаруашылығы саласының мамандарын мерекемен құттықтап, жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген шаруалар мен ауыл әкiмдерiн алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шаруа шаттанып, диқандар рухани күш-қуат алған мерекеде сан саланың үздіктері марапатталып, жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан көркемөнерпаздары шаруа шаттығын еселеп, әсем ән, тәтті күймен көптің көңілін көтерді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 627 рет