Сенбі, 23 Қараша 2019 00:31

Түркістан облысы: Сайрам ауданында "Менің туым - менің Отаным!" шарасы ұйымдастырылды

Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан республикалық "Менің Туым - Менің Отаным" акциясы «Сайрам аудандық оқу-өндірістік комбинаты» мен Сайрам аудандық орталық кітапханасында жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, азаматтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. 

Тарихымызда ту үшін ұлы ерліктер жасалған. Ол Отанға деген сүйіспеншілікті, абырой мен борышты, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті, мемлекетке деген құрметті санаға сіңіретін – мемлекеттік рәміз.

Акция барысында партия белсенділері мен жастар өкілдері сөз сөйлеп «Біздің Ту дүниежүзінің әр түкпірінде - халықаралық олимпиадаларда көтеріліп, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Ол қазақстандық ғарышкермен космоста болып, әлемнің ең биік тау шыңдарын бағындырды. Қазақстанның көк туы астында біріккен мемлекетіміздің болашағы жарқын, ертеңі салтанатты» - деп ойларын ортаға салды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 690 рет