Жексенбі, 24 Қараша 2019 16:33

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданы әкімдігі батагөй қарияларды саяхатқа алып шықты

Қазығұрт ауданының әкімдігі және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның ардагер ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерін тарихи орындарға саяхатқа алып барды. 

Саяхаттың бастауы Отырар музейінен басталып, тарихи қаланың қазба жұмыстарынан алған көне жәдігерлермен танысты. Шыңғыс ханның әскері алты ай ала алмаған тарихқа толы Отырар қаласы және Арыстан баб кесенелері саяхатшыларға үлкен әсер қалдырды. Бұл іс-шараның соңғы аялдамасы күллі Түркі елінің екінші Меккесі аталған, еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына аяқ басып, Қ. А. Ясауи кесенесіне барып, дұға етіп, құран бағыштады. Әрине, осындай іс-шараны ұйымдастырғандар үлкендердің батасын алып, алғыстарын арқалады. Өз кезегінде Аудандық ардагерлер кеңесі және Әжелер алқасы алғыстарын білдіріп жатты. «Үлкенге – құрмет, кішіге ізет» көрсеткен ұрпақтың мұндай игі істен ұтпаса, ұтылмасы анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 644 рет