Дүйсенбі, 25 Қараша 2019 22:15

Түркістан облысы: Оразкүл Асанғазиева жетісайлық қыз-келіншектермен кездесті

Қызметін қарапайым ұстаздықтан бастап ауданның әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты атанған, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиева аудан орталығы Жетісай қаласындағы “Б.Момышұлы” мектеп-гимназиясында қыз-келіншектермен кездесті. Басқосуға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков пен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ұстаздар мен колледж студенттері қатысты. 

Кездесудің негізгі тақырыбы қазақы салт-дәстүр мен тәлім-тәрбиенің кешегісі, бүгіні, болашағы жайында кеңінен әңгіме қозғады. Өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай алға ұмтылуға, мақсатқа жетуде табандылық танытуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтап отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған басқосуда Оразкүл Асанғазықызы тарапынан бала тәрбиесіндегі негізгі ұстанымдар мен қағидаттар, тәлім-тәрбие тетіктері мен бағыт-бағдары, өнегелі, үлгілі отбасылар жайында жайында кеңінен әңгіме қозғады. Өмір жолы өнегеге толы көпбалалы аналардың ақыл-кеңестері тыңдалып, ұсыныс-пікірлері айтылды. “Біз бұл шараны ұйымдастыру арқылы отбасының қадір-қасиетін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауды мақсат еттік. Перзент алдындағы ата-ананың жауапкершілігін айқындап, ата-ана алдындағы перзенттердің міндетін ұғындырғымыз келді. Әрбір отбасы – тәуелсіз мемлекеттіміздің негізгі бөлшегі, құрамы екенін сезіндіруге тырыстық” дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы.

Семинар-тренинг барысында қатысушылармен бала тәрбиесі мен отбасында, қызмет барысында кездесетін түрлі қиындықтарға байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Оразкүл Асанғазықызына қазақы салт-дәстүрге сай сый-құрмет көрсетіліп, камзол кигізді. Отбасының қадір-қасиетін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауды мақсат еткен аталмыш шараның жастар үшін де, үлкендер үшін де маңызды екендігін айтқан ұйымдастырушылар қатысушылардың белсенділігіне шынайы алғысын білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 645 рет