Сәрсенбі, 27 Қараша 2019 18:22

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кездесу өтті

Қазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №11 колледждің акт залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша «Келбет» жобасы аясында «Түркістан облысы және Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер атамыз Ильясов Молдабай Лесұлымен «Елдің ағасы халықтың құрметтісі» атты кездесу кеші болып өтті. 

Кешке ардагерлер М.Намешов, М.Жырауов, №11 колледж директоры Е.Сасбұқа және студенттер мен қонақтар қатысты. Кешті ОКЖ директор орынбасары Р.Айтубай жүргізіп, студенттер сұрақтарын қойып, кештен керемет әсер алды. Мақсаты – жастарға Қазығұрт өңірінен шыққан елге танымал, ауыл абыройын асқақтатқан елге құрметті ардагермен таныстыру, ауылда жүріп, еңбегімен тәнті етіп, қоғам қайраткері атағын алған ауылымыздың ұл-қыздарын таныстыру, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу; оқушыларды Қазығұрт жерінің тарихын құрметтеуге шақыру, жастарға үлгі тұтар тұлғаларды кеңінен насихаттау; әр салада еңбек етіп, түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, елімізге танымал тұлғалардың өмірін үлгі ету; кітапхана мен оқырманды, оқырман мен белгілі тұлғалар арасын жақындастыру.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 676 рет