Сәрсенбі, 27 Қараша 2019 18:37

Түркістан облыстық «Жайдарманның» финалдық кезеңі өтті

Түркістанда облыстық «Жайдарман» сайысының финалдық кезеңі өтті. Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамытуды көздейтін шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы қолдау білдіріп және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйытқы болды. Ондағы мақсат – ел келешегі саналған жастардың танымдық қызығушылығын, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру және талантты жастарға қолдау көрсету. 

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, танымал жайдарманшы Тағай Нұралиев және Нұрлан Сейітманов, Түркістан облыстық «Жайдарман» филиалының директоры Айдар Ибраев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Мәдениет сарайы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Жанболат Досболов қазылар алқасының құрамында болып, ақтық сайысқа түскен топтарға әділ бағасын берді.

Сайыс қорытындысы бойынша І орын Төлеби құрамасына (Төлеби ауданы) берілсе, ІІ орын Мақтаарал ауданының Еркінабад командасына бұйырды. ІІІ орынға Қазығұрт аудандық «Аи-92» және Төлеби ауданының «Ақбастау сити» топтары ие болды. Үздік ойыншы номинациясын Бексұлтан Салыбеков пен Нұрмат Махат қанжығасына байлады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 794 рет