Жұма, 29 Қараша 2019 15:35

Түркістанда ақсақалдар бата беруден жарысты

"Ақ баталы Абыз-2019". Осындай атаумен Түркістанда батагөй қариялар байқауы өтті. Оған киелі шаһарда тұратын бір топ ақсақал қатысты. Шараның басты мақсаты - атадан балаға жеткен бата беру үрдісін жалғастыру, бай мұрамызды жаңғырту арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 

«Баталы ел арымас, батасыз құл жарымас». Дуалы ауыз қарттардың дүбірлі додасы үш кезең бойынша өрбіді. "Сәлем - сөздің анасы" деп аталатын алғашқы кезеңде қариялар өздерін таныстырды. Одан соң өз қолдарынан жасалған салт-дәстүрімізді айшықтайтын ат әбзелдері мен көнеден қалған құнды дүниелерін көрермен назарына ұсынды. «Ата көрген оқжонар, ана көрген тон пішер» деген ұғыммен қолөнер бұйымдарының жасалу тәсілдерін сөз етті. Соңғы сайыс "Білгенге маржан" деп аталыптуған тарихы мен ел шаңырағын жырға қосыпдүние есігін жаңа ашқан  жас сәбилерді өлеңге арқау етті. Байқауға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты. Игі істердің басы-қасында жүріпкөрегендігі мен даналығын жастарға үлгі еткен аталарды қолдапоқушылар да арнайы тамашалауға келді. Тартысты додада парасат-пайымымендуалы батасымен қалалық "Қазақ тіліқоғамдық қорының төрағасы Мұсахан Дүйсекейұлы жүзден жүйрік шықты. Тағы төрт қария алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 753 рет