Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 18:21

Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар жабылды

Сонымен, коронавирустың қанат жаюына тоқсауыл қою мақсатында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы әкімінің өкімімен шаһардың аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар 16 сәуірге дейін жабылды

Айта кетерлігітыйым салынғаны жөнінде ескерту белгілері мен таспалар Абай саябағының Желтоқсан көшесі бетіндегі аумағында және Қайрат Рысқұлбеков көшесінің «Даңқ» мемориалы аумағында орнатылған. Бұл демалыс орнына серуендеуге келген бұқараның назарын аударады деген сенімдеміз.

Сонымен қатар Абай саябағында залалсыздандыру шаралары да басталып кетті. «Жасыл қала» ЖШС-нің 6 қызметкері күнделікті түске дейін демалыс аумағындағы жол жүретін жолдар, орындықтар мен спорт алаңшалары және ондағы жабдықтарды дәрілейді. Құрамында хлоры бар ерітіндіні жұмысшылар осында дайындап алады. Залалсыздандыру шаралары 16 сәуірге дейін жалғаспақ. Қаланың коммуналдық мекемелері профилактикалық шараларды шаһар аумағындағы барлық саябақтар мен гүлзарларда, ойын алаңшаларында жүргізеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 639 рет