Жұма, 15 Мамыр 2020 11:43

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында ботаникалық бау салынады

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер үшін бау-бақшалы жасыл аумақ іске асуда. Түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботантикалық баумен қатар, киіз үй, сондай-ақ кесене аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салынады.

Осылайша, Ұлы Жібек Жолы дәуірі тұсындағы келбеті қалпына келтіріліп,  кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады.
Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек бидің және т.б. жерленген жерлері қоршалып, биіктетілген. Кесене мен Жеті Ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстары қайта қалпына келтіріліп, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және Ясауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттары мен орталық көшелері қайта жасалуда.
Кесененің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында рухани туризм Орталығы құрылуда. Ол жерден осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалауға болады. Ал,  абаттандыру алаңының жалпы аумағы 100 гектарға жетеді. Халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілері назарға алынып, «Әзірет Сұлтан» кешенінің мүмкіндіктері кеңейтілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 687 рет