Жексенбі, 29 Шілде 2018 16:14

Шымкентте Астана қаласының күндері өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы бейнелеу өнер музейінің залында Елорданың 20 жылдығына орай Астана қаласының Қазақстан өңірлеріндегі күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрме ашылды. 

12 мамырда Ақтөбеден басталған көрме он екінші шаһар болып Шымкентке табан тіреді. Бұл көрмеге Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмысы ұсынылған. Атап айтқанда, А.Ақанаев, Е.Айтуаров, Р.Күлбатыров, А.Смағұлова, М.Бекеев, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов, Р.Слекенов, А.Қазығұлов, К.Базарғалиев, А.Сыдыханов, Ж.Мүсәпір, Н.Бубэ, З.Қожамқұлов, Б.Бүрдесбеков, А.Құлбай, А.Смағұлова, А.Есдаулетов, Е.Сидоркин, К.Каметов, Е.Оспанұлы, К.Муллашев, M.Байбосынов, Ө.Тлеулиев, Д.Макин, Д.Нүгер сынды 50-ден астам қылқалам шебері және мүсіншілер Т.Ермеков пен С.Смағұловтың жұмыстары қамтылған.

Суретшілердің түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын туындылары әр түрлі кезеңдердегі топтастыру уақытын қамтиды.

Айта кетейік, «Ақ тілекпен, Астана!» шығармашылық жобасы 3 күнге жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында өтеді. Ендігі кезекте аталған өнер иелерінің туындыларын қызылордалықтар тамашалай алады. Ал 24 қыркүйекте Алматы қаласында қорытынды галаконцерт өтеді деп күтілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1688 рет