Super User

Super User

Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинар-тимбилдинг ұйымдастырды

«Мегаполистегі ақпараттың рөлі». Осындай атаумен Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында семинар-тимбилдинг өтті. Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйытқы болған шарада журналистерге қазақ блогосферасының үздігі Асхат Еркімбай мен ІТ-блогер Бектұр Тимур әлеуметтік желіні күнделікті өмірде дұрыс қолданудың бағыттарын көрсетіп, білгендерімен бөлісті. 

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Кітапхана – жастармен бірге» шарасын өткізді

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Темірқазық» клубының бастамасымен жастар жылына және студенттер күніне орай «non stop!» шарасын ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жастардың білім-ғылымға қызығушылығын оятып, кітапханаға шақыру. Кеште әдеби-композициялық көрініс қойылып, түрлі танымдық ойындар ойнатылды. 

Шымкент: Бадам өзенінің үстіндегі көпірдің құрылысы аяқталды

«Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» А2 автожолының Бадам өзенінің үстіндегі көпірдің бір бөлігінің құрылысы аяқталды. Мердігерлер «Санаулы күнде осы көпірдің үстінен көлік қатынасы жанданады»- деп мәлімдеді. 

Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтіп жатыр

Жасөспірімдердің психологиясымен дұрыс жұмыс жүргізу. Осы бағытта Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар тренинг басталды. Білім ұясындағы мамандарға медицина ғылымының докторы тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді, замануи жолдарын үйретуде. 

Осы RSS каналға жазылу