Super User

Super User

Түркістан облысы: «Бастау бизнес» жобасы көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуде

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау бизнес» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Мақсат өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу. Бүгінде Шардара ауданында жобаның 2 лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларымен бөлісті.

Түркістан: «Арыс локомотив» депосында жағдай қалыпқа келді

«Арыс локомотив» депосында орын алған өрт ауыздықталып, жағдай толық қалыпқа келтірілді. Ал әлеуметтік желіде таралған «Луна бомбасы жарылады», - деген жалған ақпаратқа байланысты да мамандардың айтары бар. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы жағдайдың дәл бүгінгі көрінісі көпшілікке қызық. Осы сауалдардың жауабын тиісті сала мамандары баспасөз брифингінде баяндады.

Түркістан қаласының бас жоспары да нақтылану үстінде

Түркістан қаласының іргесіндегі жаңа шағынауданда көпқабатты үйлердің құрылысы қарқын алған. Құрылысы аяқталуға жақын 48 пәтерлі үйдің қасбеті қапталып бітсе, пайдалануға тапсырылады. 

Арыс қаласында 14 кәсіпкер жеңілдетілген несие алуға өтініш берген

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру жұмыстары басталып кетті. Қазір «Қамқор» бағдарламасымен халықты ақпараттандыру, құжат жинау және рәсімдеу кезеңі жүргізілуде. Азаматтарды әурелемеу үшін Арыстағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында барлық құжатты реттеуге мүмкіндік қарастырылған. Оған мамандар да кеңес беріп, көмегін аямайды. Қазірдің өзінде 14 кәсіпкер 1 пайыздық несие алуға өтініш беріп үлгеріпті.

Осы RSS каналға жазылу