Super User

Super User

Түркістан облысы әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы Төлеби ауданында болды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмыс тобы іссапармен Төлеби ауданына табан тіреді. Топтың құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және аталмыш басқарманың қызметкерлері болды. 

Түркістан облысы: Арыс қаласы маңында арнайы жедел штаб жұмыс істеуде

Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында іскер әйелдер кеңесі өтті

Жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова, «Атамекен» ҰҚП Жетісай аудандық филалының директоры Талғат Бапаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Нұржамал Маусова және ауданның бір топ іскер әйелдері қатысты. Басқосуда сөз алған аудан басшысы кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту аясында сөз қозғап, көпшілікке Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңесінің жаңа басшысын таныстырды. Аталған қызметті бұдан былай Назипа Алтаева атқаратын болады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау сәтті жүзеге асырылды

Арыстағы жарылыстан кейін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев әлеуметтік нысандар мен үйлерді өзі аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Атап айтсақ, жарылыстан зақым келген балабақша, қалалық аурухана, ішкі істер бөлімі және тұрғын үйлерді аралап көрді. Келтірілген шығын көлемі үкіметтік комиссия жұмысынан кейін анықталады.

Осы RSS каналға жазылу