Super User

Super User

Түркістан облысы: 100 дәрігер шипажайға жолдама алды

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапаттады. Түркістан облысының дәрігерлеріне облыс әкімінің атынан шипажайға 100 жолдама табыс етілді. 

«Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

Түркістан облысындағы «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен, көлік инфрақұрылымымен танысты. Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді. ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты.  Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған. ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

Түркістан облысы: Емханада әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді

Маусым айының үшінші жексенбісі – Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.Түркістан қалалық емханасының ұжымы кәсіби мерекелерін үлкен жетістіктермен қарсы алды. Емханада бүгінде 700-ге жуық медицина қызметкері еңбек етуде. Осыдан төрт жыл бұрын пайдалдануға берілген медициналық ұйымның облыс орталығында 10 бөлімшесі жұмыс істейді. Оңтайландырылған емханада жергілікті халыққа бір терезе қағидасы бойынша   медициналық қызмет көрсетіледі. 

Осы RSS каналға жазылу