Super User

Super User

На «Shymkent Development forum-2018» было подписано 11 меморандумов на общую сумму 200 млн. долларов США

Главная цель форума – улучшение инвестиционного климата Шымкента и усиление притока инвестиций в экономику третьего мегаполиса страны – достигнута. 

Шымкенттегі №125 мектеп жаңа дәуірдің білім ордасы болуға лайық

«Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі». Кеше осы тақырыпта Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беретін мектеп аймақтық семинар өткізді. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Шымкент қалалық білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға шаһардағы мектептердің басшылары, директордың оқу ісі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері мен А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. 

Өз баспаханасы бар аудандық газетті іздесеңіз, Түлкібасқа келіңіз

Құдайшылығын айту керек қой, құрылтайшылары аудан-қала әкімдіктері саналатын және сол жергілікті биліктің ақпараттық саясатын жүргізіп отырған басылымдардың ішінде басыбайлы баспахана тұрмақ баспанаға зәрулері де баршылық. Өзінің ғимараты болмаған соң, талай редакция ұжымының көшіп-қонуға мәжбүр екенін көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, бірақ терең тарихы бар кейбір газеттер әбден тозығы жеткен нысанның бөлмелерін жалдап немесе әкімдіктің бір ғимаратының бұрышын сағалап, оқырманға жол тартып келеді. Ал Түлкібас ауданының «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетін бағы жанғандардың қатарына ұялмай-ақ қосар едік. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында Тұңғыш Президент күні жаңа мәдениет үйінде аталып өтті

Ағыбет ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген мәдениет үйінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі аудандық деңгейде аталып өтті. Шараға қатысқан аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтады. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі қосқан үлесі үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының фельдшері Маханбет Туғанбаевты және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін еңбек ардагерлері – Мыңбұлақ ауылдық округінен – Мейрамбек Ақбергеновті, Боралдай ауылдық округінен – Жолдас Байкенжеұлын, Жамбыл ауылдық округінен – Совет Бейсенбиевті, Ақбастау ауылдық округінен – Кәдірхан Мыңбаевты, Алғабас ауылдық округінен – Адырбек Нұрбекұлын, Көктерек ауылдық округінен Естеміс Тұрлыбековті аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жерлестерінің қуанышымен бөлісуге келген айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Біржан Байтуов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрекжарды лебізін арнаумен жеткізді. 

Шарада «Шаянға барсаң, әншімін деме» облыстық ән байқауының бас жүлде иегерлері Қ.Қасенов, М.Бөбеев жергілікті сазгер Жарылқасын Дәулеттің «Шаянды аңсау» әнін орындаса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен «Елбасы», «Жаңа ғасыр - Қазақстан», «Есілдің жағалауы», «Ауылым» және тағы басқа әндер орындап, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Осы RSS каналға жазылу