Super User

Super User

Түркістан облысы: Созақта алғашқы Сoworking орталығы ашылды

Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында орналасқан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жанынан аудандағы алғашқы Коворкинг орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Созақ ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Салыхан Полатов, Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Роллан Әлжанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары, кітапханашылар, оқырмандар қатысты. 

Түркістан облысы: Бәйдібекте ІТ сынып ашылды

Білім беру жүйесін цифрландыру – уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандар көшін ІТ саласының мамандары бастап тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында ІТ сынып ашылды. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жайылым жерді жақсарту жобасы қолға алынды

Жайылым жерді жақсарту – Елбасы тапсырмасы. Осы міндеттің үдесінен шығу мақсатында Бәйдібек ауданында үлкен жоба қолға алынып отыр. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекеніндегі «Агро Логистик» шаруа қожалығының 100 гектар жеріне ауыспалы жайылым жобасы енгізілді. 

Түркістан қаласында "Дәстүрлі құндылықтар керуені" қорытындыланды

Кешегі сәрсенбіде Түркістан қаласының Мәдениет үйінде «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты көшпелі іс-шара жалғасын тапты. Бұл керуеннің басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау және рухани құндылықтарды жаңғырту. 

Осы RSS каналға жазылу