«ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПЛАКАТТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында Түркістан қалалық плакаттар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - Жаңа Қазақстанның денсаулығы қуатты ұрпағын қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, сондай-ақ, жасөспірімдерге нашақорлық пен темекінің зиян екендігін насихаттау. Ғасыр дерті саналатын зиянды әдеттер-темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға, бүгінгі жас буынды адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Сонымен қатар, жастарымызды жаңару мен жаңғыру жолына баулу, қоғамның қауіпсіздігімен қамтамасыз ету болды.

14 пен 25 жас аралығындағы аталған тақырыпта плакаттарға сурет салып, байқауға ұсынды. Қазылар алқасының сараптауынан соң қорытындылау кезеңінде өзі салған тақырыптық суретін ауызша, қысқаша түсіндіріп берді.

Жалпы, байқауға ұзын саны 37 үміткер қатысуға өтінім білдірсе, 10 қазан күні өткен іріктеу кезеңінен 23 үміткердің жұмысы кеңінен сараланды.

Қазылар алқасының құрамында Суретші, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің суретшісі – Бабажанов Омар Базарбайұлы, №23 Ж. Тәшенов атындағы ІТ мектеп-лицейінің Графика және бейнелеу өнер пән мұғалімі, Оқушылар сарайының сурет пәні мұғалімі Нурмашев Темірбек Тұрарбекұлы, Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің дизайн мамандығының оқытушысы – Қинабаев Серік Алиайдарұлы болды.

«Жібек жолы» саябағында өткен марапаттау рәсімінде байқау жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен қаржылай сияпаттар табысталды. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде Салы Нұрайға бұйырса, I орынды Жетибаева Альбина еншіледі. Екі бірдей ІІ орынға Байғабылова Жансая, мен Бердалы Айбану лайық деп танылды. Үш ІІІ орын Курласбаева Қазына, Айса Тоғжан, Нурханова Насибаға берілді. Сонымен қатар, түрлі номинациялармен бірнеше үміткерлер марапатталды. «Үздік композиция» номинациясы - Зуриева Барчиной, «Үздік ой» номинациясы - Торехан Нұрлы, «Акварель шебері» номинациясы - Елеусіз Шыңғысхан, «Қылқалам шебері» номинациясы - Сабиров Жасурбек, «Графикалық кескіндеме» номинациясы - Әбдіманап Асылзатқа табысталды. Одан өзге қатысқаны үшін бірқатар үміткерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық жүлдегерлерге марапатты Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызы сөз алып, табыстады.

ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА "КІТАП FEST" КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістанқалалықорталықтандырылғанкітапханаларжүйесініңұйымдастыруы

мен "Жеңіс " саябағында 25 қазанРеспубликакүніаясында және Қалакүнінеорай "КІТАП FEST" кітапфестиваліболыпөтті."КІТАП FEST" қаламыздыңкітапқұмароқырмандары

ныңбасынқосатын , мәденикөпшілікіс - шара. Кітапфестивалініңқонақтарықызықтарғатолыбағдарламалар, суреттікітаптаркөрмесі, кітапалмасу, қаланыңақынжазушыларыменсазгерлеріменкездесу, өлеңдероқу, кітапдүкендерініңжәрмеңкесі, балаларғаарналғанойынсауықбағдарламасынтамашалады. Фестивальдіңшымылдығы "Әлия" балабақшасыныңкішкентайбүлдіршіндерініңфлешмобыменбастауалды.

"КІТАП FEST "кітапфестивалініңашылусалтанатынәнші,сазгерСауранбекЕлеуовжәнеқалалықәйелдеркеңесініңмүшесі , зейнеткеркітапханашыРаушанТойлақова 24 қазан "Кітапханашыларкүнімен",25 қазанРеспубликакүніменқұттықтапкітапфестивалінесәттіліктіледі.Шарабарысындакітапкөрмесініңтаныстырылымыжасалып, оқырмандарөлеңдероқыды.КітапфестиваліҚРМәдениетқайраткері, ҚРЖастарОдағысыйлығыныңлауреаты, ШәмшіҚалдаяқоватындағыреспубликалықөнербайқауыныңтұңғышжүлдегері, әншікомпозиторСауранЕркінбекұлыЕлеуовтыңшығармашылығынаарналған

"Саздыәуенніңсардары" аттыкездесукешінеұласты. ШарабарысындаСауранЕлеуовсұрақтарғажауапбереотырып, өнер , ұстаздықжолындағықызықтыестеліктеріменойбөлісті. Әнші, сазгершоқтығыбиікәндерініңбірі "Апатайыманашым" , ТүркістанныңәнұранынаайналғанМағжанЖұмабаевтыңсөзінежазылған "Түркістан" әнінжәнет.бәндерінәуелетешырқады.

ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. "Түркістан – жүрегімнің төріндесің" тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар "Түркістан", "Отан", "Туған жер" жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды.

Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды.

 

ТҮРКІСТАН: «ҚАЗАҚ ЕЛІ ОСЫНДАЙ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

25-қазанРеспубликакүнінеорайТүркістан қаласындағы NIS зияткерлік мектебінде  «Қазақеліосындай» аттыпатриоттықәндербайқауыөтті. Атаулыіс-шараға 7-8 сыныпоқушыларыбелсенеқатысып, өзөнерлерінкөрсетті.

Байқаудыңмақсатыоқушыларымыздыотансүйгіштіккетәрбиелеужәнееліменжерінедегенқұрметінарттыру. Өтежоғарыдеңгейдеөткенбұлбайқауғамектепұстаздарықазылықетті.

Байқауда «Менқазақтыңұлымын» әнінтамылжыташырқап, көрерменніңқұлаққұрышынқандығаныүшін 7-сыныпоқушысыПірәліӘлинұрбасжүлденіқанжығасынабайлады, 1-орынды 8-сыныпоқушысыҚұлымбетоваКамшатиеленсежүлделіекіншіорынды 7-сыныпоқушысыТұрсынбайТамирланжеңіпалды, 3-орынға 7-сыныпоқушыларыДилмуратоваЗиедаменНазарбекӘсемайлайықтыдептанылып, байқауғақатысқанбаршаүміткерлерынталандырусыйлығыменмарапатталды. Өздеңгейіндеөткеніс-шаранымектебіміздіңдиректорыБалқанМаратұлықортындылап, өнеркөрсеткеноқушыларғаризашылығынбілдіріп, шығармашылықтабыстіледі.

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мереке – Республика күніне орай 19-20 қазан күндері халықаралық «Voice of turan» қазақ әндері байқауы өтті. Екі күні бойы әлем елдерінен келген қатысушылар қазақ әндерін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, сонымен қатар еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлы Тұран даласын әнмен тербеген Халықаралық байқаудың бірінші күні шартараптан келген қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Екінші күні қатысушылар алдымен Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бірге орындады. Содан соң байқау талабы бойынша қазақтың танымал әндерін шырқап, қазылар алқасының бағасын алды. Әділ қазылар құрамында композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов (қазылар алқасы төрағасы), әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның, Татарстанның Халық әртісі «Құрмет» орденінің иегері Нұржамал Үсенбаева, әнші, композитор, продюсер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Медеу Арынбаев, әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Жанар Дұғалова, дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Айгүл Қосанова, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Бекжігіт Сердәлі бар. 

Қазылар алқасының шешімімен Грузия елінен келген Татия Кобаладзе Гран-при иегері атанды. Ал 1-орын Татарстаннан келген Ильгиз Шайхразиевқа бұйырды. Жүлделі 2-орынды сербиялық Стефан Здравкович пен Польша әншісі Михал Качмарек иеленді. Үшінші орын Катарина Богичевич (Черногория), Христиана Данкова (Болгария), Навруза Махамаджановаға (Өзбекстан) бұйырды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар, ал Гран-при иегеріне арнайы статуэтка табысталды. 

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқау 2 рет онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Молдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Жобаның бас продюссері – Мейіржан Алиакбаров. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті байқаудың жабылу салтанатында ән шырқады. Бүгінде олар қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.

 

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелер қатарына қосылды. Осындай айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Махаббатым кітап – мамандығым кітапханашы» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға облыстық кітапханамен қатар, Кентау мен Түркістан қалалық, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде биыл алғаш рет тойланып отырған бұл мереке осы мамандық иелеріне деген сый-құрметтің нышаны деуге болады.

Шара барысында кітапханашылар ән мен жырдан шашу шашып, гимн орындады. Сондай-ақ еңбегі ерен кітапханашылар облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасы басшысының және облыстық кітапхана директоры атынан алғыс хаттармен марапатталды.

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауы басталды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

– Киелі Түркістанда Тұран үнін асқақтататын халықаралық байқау өтіп жатыр. Біріншіден ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атынан шын жүректен фестивальдің ашылуымен құттықтаймын және барлық қатысушыға сәттілік тілеймін! Түркістан түркі дүниесінің, түркі мәдениетінің рухани ордасы. Бүгінгі фестиваль Ұлы даланың, ата-бабаларымыздың қанында бар ән-жырдың мерекесі. Осынау мерекеде Қазақ елінің Түркістан сахнасында шетел әншілері де ән салады. Сондықтан бүгінгі кеш баршамызға зор демалыс сыйлайды деп сенемін, – деді Султан Раев .

Осындай халықаралық байқаудың киелі шаһарда өтуі де заңды. Өйткені аталмыш фестиваль Қазақ музыкасы мен қазақстандық композиторлардың үздік шығармаларын, сондай-ақ қазақ әндерін әлемге насихаттау, шығармашыл, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, халықаралық байланыс пен өзара ынтымақтастықты нығайту, рухани әрі мәдени құндылықтар алмасу, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру сынды үлкен мақсат қойған.

Ашылу салтанатында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгария мемлекеттерінен келген қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқады. Олардың қатарында Төлеген Мұхамеджанов, Нұржамал Үсенбаева, Медеу Арынбаев, Айгүл Қосанова, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, «Меломен» тобы, Рухия Байдукенова сынды мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздары бар.

Халықаралық байқау бүгін де жалғасады. Қатысушылар екі кезеңде де қазақ әндерін шырқайтын болады. Оған шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар, продюсерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар Гран-при, Бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат, сонымен қатар түрлі номинация бойынша арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқау 2 рет онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Малдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті бүгінде қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын Халықаралық «Voice of Turan – 2022» қазақ әндері байқауын 25 қазан - Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған.

"ТҮРКІЛЕР ТӨРІ ТҮРКІСТАННАН – ҰЛТ ҰЛЫСЫ ҰЛЫТАУҒА" ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Бүгін Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және Түркістан қалалық "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Ғаппар Амантайұлы да ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, – деді шаһар басшысы.

«Түркілер төрі Түркістаннан – ұлт ұлысы Ұлытауға» тарихи танымдық сапарының мақсаты – егемендіктің шежіресі мен тәуелсіздіктің шынайы тарихын дәріптеу. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара аясында еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 50 азамат Ұлытауға жол тартты.