Түркістан облысы: Мақтааралдың 90 жылдық мерейтойына дайындық ерекше

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мақтаарал – ұлы билер ұлағатының құт мекені» тақырыбымен қазақ халқының Тәуелсіздігі жолында күрескен ата-бабаларымызға және Мақтаарал ауданының дамуы үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың рухына арналып ас берілді. Қазақтың үш биі арқылы ел бірлігін насихаттайтын шараны өткізуге Мақтаарал ауданы әкімдігі және республикалық «Әйтеке би» қоғамдық қоры мұрындық болды. 

Түркістан облысы: Мақтааралда «Мизам – береке бастауы» атты фестиваль өтті

Мақтаарал ауданы «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Мизам – береке бастауы» атты фестиваль ұйымдастырылды. Халқымыздың өмір салтында бар, алайда көп тойлана бермейтін, мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін «Мизам» ұлттық мерекесін халық арасында кеңінен насихаттау, ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын БАҚ арқылы ел арасына тарату – іс-шараның басты мақсаты. 

Түркістан облысында балықшылар сайысы ұйымдастырылды

Жетісай ауданында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында 2 күндік балық аулау сайысы өз мәресіне жетті. Жарысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда мен 100-ге жуық балықшы қатысты. 

Ж.Түймебаев: «Қазақстанда туризм өңірлік ғана емес, жаһандық сипат алуы керек»

Шардара ауданында өткен халықаралық «SAFARI SHARDARA» шарасында спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар қатар ұйымдастырылды. Фестивальде алғаш болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтулы шараның өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етіп, сайысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтады. 

Түркістанның туристік әлеуеті Түркияда таныстырылды

Түркияның Анталья қаласында «XIII Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері» атты халықаралық форумы өткізілді. Жібек жолының бойында орналасқан мемлекеттердің туризм саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға әлемнің дамыған 30 елінен 200-ге жуық өкіл қатысты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтын сілтеме жасап. 

Түркістанда көрнекті ақын Қасымхан Бегмановтың шығармашылық кеші өтті

Түркістандағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті ақыны Қасымхан Бегмановтың 60 жас мерейтойына орай «Сағыныштан тұрады тіршілігім...» атты шығармашылық кеш өтті.