Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылған мерекелік кештің шымылдығын қалалық Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев ашты.
- Құрметті шымкенттіктер, Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын! Қалалық Мәдениет үйінің сіздер үшін дайындаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар! - деді Сәкен Қордабайұлы.
Наурыз мейрамы онкүндігі аясында мегаполистің жұлдыздары шымкенттіктерге керемет көңіл күй сыйлады. Атап айтқанда, Сәкен Майғазиев, Айгүл Азатова, Нұржан Жүнісбеков, Айнұр Назарбекова,Жамбыл Нұрлыбай, Ерлан Асанов, Әйгерім Тәжі, Астана Қарғабай, Жұлдыз Шүкірбаева халықты әсем әндерімен қуантып,
“Қазына” би ансамблі өз өнерлерін паш етті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат