Концертке елімізге танымал дәстүрлі әннің майталмандары қатысты.
Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жыршы, термеші Айгүл Елшібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» оренінің иегері Клара Төленбаева, Медет Салықовтар бар.
Мерекеге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.
— Халықтың сұранысы бойынша Шымкентте дәстүрлі өнерге деген сұраныс артуда. Оның бір дәлелі ретінде кешегі күні қаламызда ашылған "Қаратау" дәстүрлі ұлттық өнер мектебін атауға болады. Мектепте айтыс, терме, жырдан бастап ұлттық өнерімізге дейін дәріптеледі. Бүгінге кешке санитарлық талаптарға сәйкес, 100 адамнан артық көрермен қатысуға болмайды. Дегенмен теленұсқасын көрерменге ұсынатын боламыз ,- деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Кеште дәстүрлі әншілер Ақтамберді жыраудың толғауы, Сүгір, Естай, Шашубайдың жыр-термелері мен халық әндерін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.