Байқаудың салтанатты марапаттау шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері келіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Конкурстың іріктеу кезеңінде, яғни 2021 жылдың 5-20 наурыз аралығында үміткерлердің туындылары қабылданды.
Нәтижесінде, "Қазақиям - азат ұям" атты жыр мүшәйрасының поэзия аталымы бойынша арнайы жүлде қоры былай бөлінді:
1 орын Арайлым Мұратәлиеваға – 500 000 (бес жүз мың) теңге.
2 орын Әлімжан Әлішерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
3 орын Ақбота Бейбітбекке – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Ынталандыру сыйлығы – 100 000 (жүз мың) теңгеден үш ақынға Бауыржан Ерман, Біржан Байтуов, Сезім Мергенбайға берілді.
"Өркендей бер, өр Елім" атты әдеби шығармалар байқауының проза аталымы бойынша бәйгеден қара үзгендер мыналар:
1 орынға лайық шығарма жоқ деп ұйғарылды. Сол орынға бөлінген сыйақы 8 ынталандыру сыйлығына бөлінді.
2 орын Камила Тілепованың «Жолайрық» әңгімесіне – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
3 орын Захардин Қыстаубайұлының «Егіздің сыңары» драмасына – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Ынталандыру сыйлықтары:
Қайырғали Медеттің «Болашақтың алтын кілті» драмасы,
Тұңғышбай Төрегелдиевтің «Ергешбай» әңгімесі;
Ұлжан Дәуренбекқызының «Көксарайдың Рақышы» деректі әңгімесі; Жеңіскүл Ыбрайымованың «Соңғы үміт» әңгімесі;
Жәмилә Мамырәлінің «Америкадан келген күйеу бала» әңгімесі;
Әзімхан Исабектің «Тұрағұл Абайұлы және Тәуелсіздік» деректі әңгімесі;
Елнұр Қайратұлының «Құпия үңгір» әңгімесі,
Салтанат Айдарбекованың «Көкқасқа» әңгімесіне – 100 000 (жүз мың) теңгеден берілді.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, аталған іс-шара карантин талаптарына сәйкес барлық санитарлық ережелері сақталып өткізілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат