Түркістан облысы: Жетісай ауданында 100 жасаған 6 қария тұрады

Жетісай ауданында жасы 100-ден асқан 6 адам тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і – қарт әжелер. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ғасыр жасаған жандарды мерекелерімен құттықтау үшін үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат жасады. 

Түркістан облысы: Шардарада қарттар күні жоғары деңгейде атап өтілді

1 қазан – қарттар күні мерекесін шардаралықтар жоғары дәрежеде тойлай білді. Аудандық «Абай» Мәдениет сарайында «Қариялар – асыл қазынамыз» тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шараға қала мен ауылдық округтерде ғұмыр кешетін тыл және еңбек ардагерлері, зейнеткер ата-әжелер жиналды. Салтанатты шараға келген тұрғындар ең алдымен аудандағы қариялардың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрмелермен танысты. 

Түркістан облысы: шардаралық қарияларға құрмет көрсетілді

1 қазан – қарттар күніне орай Шардара ауданындағы бірнеше қарияға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қалада тұратын тыл ардагері Айдын Оразбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. 

Түркістан облысы: Мақтааралда қарияларға құрмет көрсетілді

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыз екені мәлім. Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асанов 1 қазанҚарттар күніне орай ардагер қариялардың шаңырақтарына тосыннан кіріп барып, мерекелерімен құттықтап қайтты

Түркістан облысы: Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келіп кетті

«Бюджет қоржынын туризм кластерін дамыту арқылы толтыру қажет». Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Президент пәрмен берген межелі міндет аясында Арыстанбаб және Отырар төбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды.

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойы өтті

Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерейтой аясында аудандағы М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тамыры терең, тарихы кемел – Түркібасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосуда алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімі Ж.Түймебаев аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Түркістан облысы: Түлкібаста М.Тынышпаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерекелік шара Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас темір жол станциясындағы қазақ халқының бір туар азаматтары М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың жаңа ескерткішінің ашылу рәсімімен жалғасты. Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаның атқарған еңбектері жайлы айтып өтті.

Қ.А.Ясауи кесенесі – әлемдегі туризмге тартымды нысандардың қатарында

Түркістан қаласының символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл туралы «КӨНЕ ТҮРКІСТАН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форумда белгілі болды. Жиында Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев мәлімдеме жасап, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа мәртебелі сертификатты салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.