Шымкент зообағындағы жасанды көл қайта қалпына келтірілмекші

Қалың бұқараның игілігіне берілгеніне қырық жылға жуықтаған Шымкент қаласының зообағы шаһар тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті мекеніне айналғалы қашан. Жаңғыртудан өткізілген аталмыш нысан аумағы жыл сайын жаңа жан-жануарлармен толығып келеді. 

Шымкентте «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби кеш өтті

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толып отыр. Осы датаға орай Шымкентте «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай атындағы орталық кітапханасы екенін айта кетейік.

Шымкенттің жаңа арбаты – Бейбітшілік көшесінде

Бейбітшілік көшесінің бір бөлігінде қазір құрылыс қызу жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері көшенің бұл бөлігі өз атауына толық сай болады деп уəде беруде. Болашақ қазірден басталатындықтан, қала əкімі құрылыстың əр кезеңін бақылауына алды. 

Түркістан облысында «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Шымкент: Қошқарата өзені бойындағы «Арал» мейрамханасы қайта жаңғыртыла бастады

Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарынан кейін қаланың тарихи ғимараты саналатын баяғы «Арал» мейрамханасын қайта жаңғыртуға кезек келді. Ұлы Отан соғысы бітісімен-ақ бой көтерген мейрамхана ғимараты қандай мақсатта пайдаланылмақ және жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? 

Шымкент субұрқақтарының көптігімен де ерекше

Шымкент қаласында субұрқақтардың қарасы қалыңдайтын түрі бар. Маусым басталғалы іске қосылған 23 субұрқақ бүгінде кестеге сай жұмыс істеп тұр. Мамандар әрбір субұрқақтың қосылуынан бастап ұңғымасының таза болуына шейін қадағаланып отыратынын айтады.