Түркістан облысы мен ТҮРКСОЙ арасында меморандум түзілді

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қатысушылар әуелі мерейтойға арналған көрмені тамашалады. Халықаралық ұйым жайлы арнайы бейнефильм көрсетілді. Басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиылған қауымды Халықаралық түркі әлемі гуманитарлық ғылымдар конгресі аясындағы  «ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына  25 жыл» секциясының ашылуымен құттықтады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: опера және балет театры жаңа маусымды жаңа мамандармен бастады

Облыстық опера және балет театрының ұжымы биыл 11-маусымының шымылдығын «Қыз Жібек» қойылымымен түрді. Бірақ Евгений Брусиловскийдің танымал дастанының оқиғасы желісі әдеттегідей қайғылы трагедиямен тәмамдалған жоқ. Қойылым бұл жолы Жібек тұрмысқа шығып, мерекелік той-думанға ұласуымен ерекшеленді.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «otyrar.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Арыста патриоттық әндер байқауы өтеді

2018 жылдың 28 тамызы күні Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «30 тамыз - Конституция күні мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына» орай патриоттық әндер байқауы өткізілмек.

Түркістан облысы: Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді

Осыдан 3-4 апта бұрын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен ауданымызда жаппай сенбілік жұмыстары қарқын алған болатын. Нәтижесінде Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңаша кейіпке еніп, қалыпқа келе бастады. Қазірдің өзінде мұнда демеушілер есебінен жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында жастар күні атап өтілді

16 тамыз Созақ ауданы Жастары күні. Бұл күн 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып өтеді.  Биылғы жылы атаулы күн, Шолаққорғанның ауылындағы Тәуелсіздік саябағында кең көлемді тойланды. Мерекелік кеште аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, өңір жастарымен қонақтарды құттықтады.

Түркістан облысы: 3 шыңға 3 бидің есімдері берілді

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды

Ордабасы ауданында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың сыйлығын тапсырып, құттықтау хатын оқып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.