Super User

Super User

Түркістан: екі аптадан кейін Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден беріле бастайды

Бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде кеңейтілген брифинг өтті. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев екі апта көлемінде Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге беріле бастайтынын мәлімдеді.

Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті

«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықтың мұң-мұқтажын жедел шешу керек екенін айтты

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласында өткізді. Жиында Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі талқыланып, жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы қысқа мерзімде Арыс қаласын қалпына келтіру, тұрғындарға жағдай жасау бағытындағы барлық мәселені талқылап, осы жауапты міндетті отаншылдықпен, жанашырлықпен атқару керектігін айтты.

Осы RSS каналға жазылу