Дүйсенбі, 21 Қазан 2024 18:13

Шымкенттік жүзушілердің қоржынында 20 медаль бар

Алматы қаласында 14-18 қазан күндері жүзуден жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 284 спортшы (25 команда) қатысты.

Қатысушы-спортшылар 2006 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 14 спортшысы өатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.  Яғни, шымкенттік жүзушілердің қоржынында 11 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль бар.  Атап айтар  болсақ:

Жеңімпаз және жүлдегерлер атанған спортшыларымыз:
Колесников Кирилл

1 орын – 1500 еркін стиль
3 орын – 400 еркін стиль

Абжаппаров Нурдавлят
2 орын – 1500 еркін стиль

Қуандықова Айғаным
2 орын – 200 брасс

Черепанов Даниил
1 орын - 50 еркін стиль
1 орын - 100 еркін стиль
1 орын - 200 еркін стиль
3 орын – 50 бат

Сказобцов Максим
1 орын - 50 бат
3 орын – 100 еркін стиль
3 орын – 200 еркін стиль

Абубакирова София
1 орын - 50 еркін стиль
1 орын – 50 брасс
1 орын - 50 арқа
1 орын - 50 бат
1 орын - 100 еркін стиль
2 орын - 100 арқа

1 орын - эстафета ерлер 4×100 еркін стиль ( Черепанов Д., Колесников К., Абжаппаров Н., Сказобцов М.)

2 - орын эстафета аралас 4×50 еркін стиль (Черепанов Д., Колесников К., Абжаппаров Н., Сказобцов М.)

2 - орын эстафета ерлер 4×100 кешенді
(Абжаппаров Н., Сабадаш Д., Сказобцов М., Черепанов Д. )

Оқылды 24 рет