Дүйсенбі, 21 Қазан 2024 18:37

Шымкенттік шабандоздар екінші орыннан көрінді

Шырайлы Шымкент қаласында 11-21 қазан аралығында көкпардан 2007-2009 ж.т жасөспірімдер арасындағы ХІІ ҚР чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына барлығы еліміздің 14 өңірінен келген шабандоздар қатысты. Олар: Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары.

Чемпионаттың ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спрот басқармасы жоғары спорт жетістіктері бөлімінің басшысы Шоқан Әбдіхалықов пен Ұлттық спорт орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова қатысып, барша шабандоздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ өңірлерден келген күннің Бірінші күннің жарыс кестесі бойынша жарыстың ашылу салтанатынан бөлек көкпардан Шымкент қаласы құрамасы мен Атырау облысы құрамасы, Ақтөбе облысы құрамасы мен ШҚО құрамасы, Жамбыл облысы құрамасы мен Қарағанды облысы құрамасы және Қостанай облысы құрамасы мен СҚО құрамасының арасында тартыс кездесулер өтті.

 Екінші күннің нәтижесі:

Түркістан облысы 10:3 Алматы облысы
Ұлытау облысы 5:2 Батыс Қазақстан облысы
Шымкент қаласы 8:1 Атырау облысы
Ақтөбе облысы 10:1 Шығыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы 10:0 Қарағанды облысы
Қостанай облысы 3:2 Солтүстік Қазақстан облысы

10 күнге созылған доданың нәтижесінде Алматы қаласының шабандоздары Қызылорда облысының жастарын жеңіп қола жүлде иеленді. Финал Түркістан облысы мен Шымкент қаласының арасында өтіп, «Оңтүстік дербиін» тамашалауға келген көрермен тартысты ойынның куәсі болды. Түркістан облысының құрамасы Шымкенттік замандастарын 5:3 есебімен жеңіп ҚР чемпионы атанды.

Қазақ халқында ұлттық ойындардың ішінде - көкпардың алар орны ерекше. Көкпар әдетте ер балалардың физикалық шынығуына әсер етіп қана қоймай, олардың бойына жылдамдық, ұтқырлық, табандылық секілді қасиеттерді сіңіріп өсуіне жол ашады.

Көкпар ең танымал ұлттық спорт түрлерінің бірі. Көшпенділер өзінің мінезін, жаугершілік қырларын, сондай-ақ шабандоз ретінде де өздерін осы ойын арқылы сынап отырған. Көкпар – бұл , екі топқа бөлінген ат үстіндегі шабандоздардың ешкі немесе қой тушасына таласу сайысы. Ойын жеңімпаздары, командалардың тушаны қазандыққа салу есебімен анықталады.

«Ақ-қараның» анықтамасы:

"Көкпар" түрікше "кок бору" (көк бөрі) сөзінен аударылған. Ертеректе айтылған аңыздарға сүйенсек , қойды соққан қасқырлар бөлтіріктеріне тушасын апарып отырған, бөлтіріктер оған таласып, бірін-бірі қуып ойнаған. Содан кейін адамдар оны бөлтіріктер ойыны, немесе "көк бөрі" атауы осыдан шыққан. Ойын арқылы шабандоздың ғана емес, сонымен бірге аттың да мықтылығы сыналады.

Көкпар ойыны – мінезді, адам бойындағы қайсарлықты, батырлықты шыңдайды. Ойынға тек нағыз ержүрек, табандылар ғана қатыса алады. Ойыншылардан физикалық дайындығымен қатар, эмоционалды дайындығы, қарсыластың күшін дұрыс бағалай алуы, астындағы атын басқара алуын талап етеді.

Айта кетейік, «aq-qara.kz» сайты "Спорт денсаулық кепілі" жобасын бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазудамыз. Сарапшы ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады.

Оқылды 29 рет