Super User

Super User

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында отбасылар арасында жарыс өтті

 Бүгін Т.Рысқұлов ауылындағы аудандық БЖСМ-нің спорт залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Әкем, Анам және Мен – спорттық жанұя» атты тақырыпта отбасылар арасында аудандық жарыс өткізілді. Шараға барлығы 5 команда қатысты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жас түлектерге сәт сапар тіледі

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Жеті қазына» аллеясында өз білімдерімен ауданның мерейін үстем қылған білімді шәкірттерді құттықтап, болашақтарына сәттілік тілеу үшін аудан әкімінің мектеп бітірген «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық білім бөлімінің басшысы мен қызметкерлері, мектеп директорлары, бітіруші түлектер, олардың ата-аналары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданында «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады

Аудан орталығы Абай ауылында орналасқан «Атамекен» салтанат сарайында Келес ауданы әкімінің «Жолың болсын, жас түлек» атты Алтын белгі иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан басшысы Ақментай Есбаев арнайы қатысып, оларға алғыс хатын табыстады. 

Түркістан облысы: Арыста гуманитарлық көмек беретін 17 сектор ашылды

Жаймашуақ кейіпке енген Арысқа тұрғындар оралды. Түркістан облысының әкімдігімен апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік көмегін беру туралы Штаб құрылған болатын. Ауқымды қайырымдылық акциясы аясында облыс әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер, қарапайым халық пен еріктілер тарапынан арыстықтарға 150 тоннадан астам қажетті азық-түлік, макарон, балалар тағамы, киім-кешек жинақталды.

Осы RSS каналға жазылу