Super User

Super User

Түркістан облысы: арыстық тұрғындар көшіріліп, тиісті көмектер көрсетілуде

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл  мектебінде брифинг өткізді. Олар халықты алаңдатқан сауалдарға жауап беріп, нақты мәліметтермен бөлісті.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында еңбек шарттары жан-жақты түсіндірілді

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жұмыскерлер жалақысының уақытысында төленбеуі, еңбек саласындағы құқық бұзушылықтар және т.б. мәселелер бойынша арнайы жиын өтті. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік шара өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына және «2019жыл – Жастар жылы» аясында аудан әкімінің мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты. Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін алғыс хатпен марапаттады. 

Түркістан облысы: Шардаралық 36 саңлақ Азия чемпионы боп оралды

Шардара ауданының қолкүрес шеберлері Ыстықкөлде өткен Азия чемпионатынан жеткіншектер арасында 10 алтын, жасөспірімдер арасында 8 алтын, жастар арасында 8 алтын, ересектер арасында 10 алтын олжалады. 

Осы RSS каналға жазылу