Super User

Super User

Түркістан: Мақтааралды дамытуға ерекше мән берілуде

Мақтаралда алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың елу екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебі талқыланды. Кенттер мен ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды. Мырзакент кентінде өткен басқосуда 2018 жылғы бюджеттің есебін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков баяндады.

Түркістан облысы: Келес ауданында аграршылар бас қосты

Келес ауданының диқандары биыл жыл бойына егістікке үш рет көкөніс түрлерін отырғызып, одан мол өнім жиып алуды қолға алды. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген шаруалар табыспен шықты. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «Балбөбек» байқауы өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балбөбек» атты ән-би байқауы өтті. Ел болашағы балдырған-балапандарға қазақтың өнері мен ән-биін, ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттау һәм құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара ауданда биыл 6-шы рет өтіп отыр. 

Түркістан қаласында фотоөнер орталығы ашылды

 Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» «TÚRKІSTAN» фотоөнер орталығы ашылды. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен қолға алынған бұл орталықта еліміздегі белгілі фотограф, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы жастарға дәріс оқып, мамандықтың қыр-сырын үйретеді. Аталған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен республикалық және өңірлік БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу