Super User

Super User

Түркістанда биыл туристерге арналған 2 қабатты электрлі автобустар іске қосылмақ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық «BYD» компаниясының өкілдері арасында Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесу өтті. Жиын барысында облыс әкімі өңірге келетін туристер мен зиярат жасайтын адамдар санының жыл сайын артуын тілге тиек етіп, оларға жасалатын қолайлы жағдайдың да жақсаруы қажеттілігін айтты. Мысалға, 2018 жылы Түркістан облысына 1,5 млн турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 1,7 млн адамға жетеді деп күтіліп отыр. 

Түркістан қаласы жиһаз өндіруден оқ бойы озық тұр

Түркістан қаласы облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғы орында тұр. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі құрайды. Бүгінде облыстың орталығында 7 ірі кәсіпорын жұмыс істесе, жеке кәсіпкерлікпен тіркелген бірқатар шағын жиһаз цехтары да бар. 

Түркістан облысын дамытуға жастардың да тың жобалары үлес қосады

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

Осы RSS каналға жазылу