Super User

Super User

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Осы аптаның сәрсенбісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шайымованың Түркістан облысына іссапары барысында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. 

На «Shymkent Development forum-2018» было подписано 11 меморандумов на общую сумму 200 млн. долларов США

Главная цель форума – улучшение инвестиционного климата Шымкента и усиление притока инвестиций в экономику третьего мегаполиса страны – достигнута. 

Шымкенттегі №125 мектеп жаңа дәуірдің білім ордасы болуға лайық

«Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі». Кеше осы тақырыпта Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беретін мектеп аймақтық семинар өткізді. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Шымкент қалалық білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға шаһардағы мектептердің басшылары, директордың оқу ісі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері мен А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. 

Өз баспаханасы бар аудандық газетті іздесеңіз, Түлкібасқа келіңіз

Құдайшылығын айту керек қой, құрылтайшылары аудан-қала әкімдіктері саналатын және сол жергілікті биліктің ақпараттық саясатын жүргізіп отырған басылымдардың ішінде басыбайлы баспахана тұрмақ баспанаға зәрулері де баршылық. Өзінің ғимараты болмаған соң, талай редакция ұжымының көшіп-қонуға мәжбүр екенін көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, бірақ терең тарихы бар кейбір газеттер әбден тозығы жеткен нысанның бөлмелерін жалдап немесе әкімдіктің бір ғимаратының бұрышын сағалап, оқырманға жол тартып келеді. Ал Түлкібас ауданының «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетін бағы жанғандардың қатарына ұялмай-ақ қосар едік. 

Осы RSS каналға жазылу